1 желтоқсаннан 2026 жылға арналған медициналық қызмет көлемдерін орналастыруға өтінім қабылдау басталды.
«Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері 10 күн ішінде ұсынылған құжаттарды медициналық көмек көлемдерін орналастыруға жіберу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің аталған талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады. Ескертулер анықталған жағдайда клиникаларға оларды жою үшін үш жұмыс күні беріледі. Кейін өтінімдер қайта қаралады және көлемдер комиссиялық тұрғыда бөлінеді», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.
2026 жылға медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында екі пакет бойынша 2,8 трлн теңгеден астам қаражат, оның ішінде 1,5 трлн теңгеден астамы – МӘМС бойынша көзделген.
2026 жылға арналған сатып алудағы өзгерістер Қор 2026 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін өзгерістер туралы хабарлады. Өзгерістер денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімінен комиссия шешімімен көмек түрлері бойынша көлемдерді орналастыру рәсіміне өтуді қамтиды. Бұл мынадай қызметтерге қатысты: қан орталықтарының қызметтерін көрсету; шұғыл медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметтерін көрсету; АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету; туберкулезбен ауыратын науқастарға медико-әлеуметтік көмек көрсету; психикалық ауытқулары бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету.
Сонымен қатар өңірлік комиссия мүшелері нысандардың талаптарға сәйкестіктін айқындау үшін жаңа субъектілерге және медициналық көмектің жаңа түрлері бойынша өтінім берген ұйымдарға барады. Бұл әлеуетті жеткізушілерді дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2026 жылға арналған медициналық қызмет көлемдерін орналастыру рәсімін жүргізуде. Бұл туралы хабарландыру веб-порталда жарияланды: https://fms.ecc.kz/searchanno. Осы жерден әр өңір бойынша жарияланған хабарландырулармен танысып, өтінім беруге болады.
Көлемдерді бөлуге МӘМС жүйесі мен ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер, денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар қатыса алады. Олар ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтер сатып алу қағидаларының 37-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес болуы тиіс.«Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері 10 күн ішінде ұсынылған құжаттарды медициналық көмек көлемдерін орналастыруға жіберу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің аталған талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады. Ескертулер анықталған жағдайда клиникаларға оларды жою үшін үш жұмыс күні беріледі. Кейін өтінімдер қайта қаралады және көлемдер комиссиялық тұрғыда бөлінеді», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.
2026 жылға медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында екі пакет бойынша 2,8 трлн теңгеден астам қаражат, оның ішінде 1,5 трлн теңгеден астамы – МӘМС бойынша көзделген.
2026 жылға арналған сатып алудағы өзгерістер Қор 2026 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін өзгерістер туралы хабарлады. Өзгерістер денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімінен комиссия шешімімен көмек түрлері бойынша көлемдерді орналастыру рәсіміне өтуді қамтиды. Бұл мынадай қызметтерге қатысты: қан орталықтарының қызметтерін көрсету; шұғыл медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметтерін көрсету; АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету; туберкулезбен ауыратын науқастарға медико-әлеуметтік көмек көрсету; психикалық ауытқулары бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету.
Сонымен қатар өңірлік комиссия мүшелері нысандардың талаптарға сәйкестіктін айқындау үшін жаңа субъектілерге және медициналық көмектің жаңа түрлері бойынша өтінім берген ұйымдарға барады. Бұл әлеуетті жеткізушілерді дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
01.12.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



